Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы N 15/132 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 маусымда N 2345 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 қарашадағы № 43/350 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 11.11.2020 № 43/350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-80 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған), оған қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 9 маусымдағы N 30/239 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 16 шілдедегі N 45/437 шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімімен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-189 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдедегі N 85-86 "Балқаш өңірі", 2010 жылғы 16 шілдедегі N 80-81 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1) 1 тармағының 1) тармақшасындағы "Қараменде би көшесіндегі Балқаш гуманитарлық-техникалық университетінің, Қараменде би көшесіндегі Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің, Ағыбай батыр көшесіндегі N 18 орта мектептің," деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,


қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Рахимберлина

"КЕЛІСІЛДІ"


Қала әкімі

Аубакиров Н.Е.

2013 жыл 15 мамыр


"Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі"


мемлекеттік мекемесі басшысының


міндетін атқарушы

Ауғанов Д.Ә.

2013 жыл 15 мамыр


"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі"


мемлекеттік мекемесі басшысының


міндетін атқарушы

Жаңғарашева А.Қ.


      2013 жыл 15 мамыр

О внесении изменения в решение городского маслихата от 16 июля 2007 года N 45/437 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"

Решение Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 15 мая 2013 года N 15/132. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 20 июня 2013 года N 2345. Утратило силу решением Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 11 ноября 2020 года № 43/350

      Сноска. Утратило силу решением Балхашского городского маслихата Карагандинской области от 11.11.2020 № 43/350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение городского маслихата от 16 июля 2007 года N 45/437 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-4-80, опубликовано в газетах "Балқаш өңірі" от 20 июля 2007 года N 60, "Северное Прибалхашье" от 20 июля 2007 года N 79-80), в которое внесено дополнение решением городского маслихата от 9 июня 2010 года N 30/239 "О внесении дополнения в решение городского маслихата от 16 июля 2007 года N 45/437 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-4-189, опубликовано в газетах "Балқаш өңірі" от 16 июля 2010 года N 85-86, "Северное Прибалхашье" от 16 июля 2010 года N 80-81) следующее изменение:

      1) в подпункте 1) пункта 1 слова "Балхашского гуманитарно-технического университета по улице Караменде би, Балхашского гуманитарно-технического колледжа по улице Караменде би, средней школы N 18 по улице Агыбай батыра," исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии,


секретарь городского маслихата

К. Рахимберлина

"СОГЛАСОВАНО"


Аким города

Аубакиров Н.Е.

15 мая 2013 года


Исполняющий обязанности


начальника государственного


учреждения "Отдел внутренних дел


города Балхаш"

Ауганов Д.А.

15 мая 2013 года


Исполняющий обязанности


начальника государственного


учреждения "Отдел внутренней политики


города Балхаш"

Жангарашева А.К.


      15 мая 2013 года