Ескерту. Күші жойылды Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 27.05.2013 N 12/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды рәсімдеу".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.С Мадиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қ. әкімі Б.Д. Ахметов
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 6 ақпандағы
N 02/30 қаулысымен
бекітілді
"Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттiк қызмет регламенті
1. Негізгі түсініктер
1. Осы "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу" (бұдан әрі - Регламент) мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде келесідей негізгі түсініктер қолданылады:
1) құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) - уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың қосалқы жүйелері;
2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға;
3) уәкілетті орган – "Сәтбаев қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет "Сәтбаев қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) (байланыс мәліметтері осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген) көрсетіледі.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 124 – 125-баптарының, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 9, 10-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнді (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды;
2) өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күту уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды;
3) өтiнiш берген күнi сол жерде мемлекеттік қызметті алушыға көрсетiлетiн қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы 20 минуттан аспайды.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органға жүгінген кезде:
1) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі;
2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара әрекет) тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) жеке тұлғаның уәкілетті орган бастығының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші еркін нысанда ресімделеді;
2) егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
3) егер қорғаншы (қамқоршы), тәрбиеші болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, мемлекеттік қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
4) осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адамның және некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;
5) егер мемлекеттік қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;
6) мемлекеттік қызметті алушының өмірбаяны еркін нысанда ресімделеді;
7) мемлекеттік қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;
8) жұмыс орнынан анықтама;
9) жалақысы туралы анықтама;
10) тұрғылықты жерінен анықтама;
11) некеде тұратыны туралы куәлік (некеде тұрған болса);
12) мемлекеттік қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) сотталмағаны туралы анықтама.
Аталған құжаттарды тапсырғаннан кейін баланы тәрбиелеуге үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша акт дайындалады.
10. Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берілетін әр бала үшін қорғаншылық (қамқоршылық) ресімдеуге ниет білдірген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мектеп әкімшілігі растаған баланың келісімі (егер бала 10 жастан асса);
2) баланың туу туралы куәлігі;
3) баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;
4) ата-анасы туралы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі, сот үкімі немесе шешімі, ата-анасының ауруы немесе іздестірілуі туралы анықтама, бала некеде тумаған жағдайда N 4 нысандағы анықтама);
5) баланың білім алу орнынан анықтама;
6) зейнетақы алатын балаларға зейнетақы кітапшасы, алименттерді өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
7) аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың орналасқан жерлері туралы анықтама;
8) тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы құжаттар.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен қоса беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
11. Барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат беріледі, онда мемлекеттік қызметті алатын күні көрсетіледі.
12. Анықтама мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен беріледі.
Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде бармаған жағдайларда уәкілетті орган дайын анықтамалар мен қаралған құжаттардың екі ай сақталуын жүзеге асырады.
13. Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы Регламенттің 9, 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;
2) қызмет көрсету үшін шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарда жалған немесе бұрмаланған мәліметтер анықталған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде келесідей құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) Сәтбаев қаласының әкімі;
2) уәкілетті органның басшылығы;
3) уәкілетті органның маманы.
15. Әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттің орындау мерзімі көрсетіліп әрбір әкімшілік әрекеттерінің реттілігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламентке 4-қосымшада көрсетілген.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде және ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысын көрсететін сызба осы Регламентке 5-қосымшада көрсетілген.
5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып уәкілетті органның басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) болып табылады.
Лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілу сапасына және оны іске асыруға жауапты болады.
"Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органның байланыс мәліметтері
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті іске асыратын өкілетті органның және халыққа қызмет көрсету орталығының атауы |
Орналасқан орны, мекен-жайы, электрондық мекен-жайы |
Байланыс телефоны |
Жұмыс кестесі |
"Сәтбаев қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
101301, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 111, 2 қабат |
8 (71063) 37934 |
Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін үзіліссіз |
Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
2-қосымша
ҮЛГІ Қала әкімінің қаулысына қосымшадан үзінді
қала _______________________
20 __ жылғы "___" _________ N _______
Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 120
және 121-баптарына сәйкес, (Т.А.Ә.)__________________________________
өтініші және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, облыстық, Алматы,
Астана қалалары білім басқармаларының құжаттары негізінде
________________________ ауданының (қаласының) әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленсін
Р/с N |
Қорғаншы (қамқоршы) |
Қорғаншылыққа алынушы |
Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресiмдеу негiзi |
Т.А.Ә. |
Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған баланың Т.А.Ә., туған жылы |
2. Қолда бар тұрғын үй _____________________ бекітіліп берілсін
Әкім _____________ қолы (Т.А.Ә.)
М.О.
Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
3-қосымша
Жолдама
Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы
қорытынды
Т.А.Ә. ______________________________________________________________
Туған жылы __________________________________________________________
Үйінің мекенжайы ____________________________________________________
Психиатр ____________________________________________________________
Нарколог ____________________________________________________________
Дерматовенеролог ____________________________________________________
Кеуде қуысының рентгеноскопиясы _____________________________________
Терапевт ____________________________________________________________
Қорытынды ___________________________________________________________
Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
4-қосымша
Әрбір әкімшілік іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсете
отырып әр ҚФБ-тің әкімшілік іс-әрекеттер реттілігі
Негізгі үдерістің әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы) |
|||||
Әрекет N (жұмыстың барысы, ағымы) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
ҚФБ атауы |
Уәкілетті органның маманы |
Уәкілетті органның басшылығы |
Уәкілетті органның маманы |
Сәтбаев қаласының әкімі |
Уәкілетті органның маманы |
Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау және тіркеу |
Құжаттарды қарастыру |
Құжаттарды қарастыру және анықтаманы не дәлелді бас тартуды әзірлеу |
Анықтамаға қол қою |
|
Аяқталу формасы (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) |
Уәкілетті органның басшылығына қарар қою үшін ұсыну |
Қарар қою, орындау үшін маманға ұсыну |
Дәлелді бас тартуды немесе анықтаманы басшылыққа қол қоюға тапсыру |
Анықтаманы уәкілетті органға тапсыру |
Анықтаманы мемлекеттік қызмет алушыға беру |
Анықтаманы қаланың әкіміне қол қоюға енгізу |
|||||
Орындау мерзімі |
20 минут |
20 минут |
27 күнтізбелік күн |
1 күнтізбелік күн |
1 күнтізбелік күн |
Жетiмдердi, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтiк қамсыздандыруға
арналған құжаттарды ресiмдеу"
мемлекеттiк қызмет регламентіне
5-қосымша