"Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 ақпандағы N 10/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 наурызда N 2268 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі N 23/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 29.04.2013 N 23/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою" мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Аймақов

Осакаров ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
N 10/04 қаулысымен
бекітілген

"Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою"
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы "Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою" регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы - жеке тұлға: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ шетел азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасының азаматтары;
      2) уәкілетті орган - "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2. Жалпы ережелер

      2. "Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету-бұл тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарда жұмыс табуды қалаған жұмыссыздардың тiркелуін растау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім.
      3. "Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органмен ұсынылады.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 15-бабы 6-тармағының, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 қаулысының, "Жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысының негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тiркеу және есепке қою не қызмет ұсынуда бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Уәкілетті органның тұрғылықты жері, мекен - жайы: 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Мостовая көшесі, 48, "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, телефон: 8 (72149) 42154.
      Мемлекеттік қызмет Стандарттың 9 тармағында көзделген уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат уәкілетті органның стенділерінде, сондай-ақ Осакаров ауданының әкім аппаратының интернет-ресурсында www.osak-akimat.kz орналасқан.
      9. Мемлекеттік қызметті уақытында көрсету мерзімі:
      1) тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он жұмыс күнінен кешіктірмейді;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.
      10. Жұмыссыз ретінде тіркеуден, есепке қоюдан бас тарту қажетті құжаттар болмаған кезде, жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынған кезде жүргізіледі.
      Мемлекеттік қызмет беруді тоқтата тұру үшін негіздеме жоқ.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
      уәкілетті органда қажетті құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейін жұмыссыздарды тiркеу және есепке қоюды жүзеге асыратын уәкілетті органның қызметкері тұтынушының деректерін дербес есепке алу карточкасына (компьютерлік деректер базасы) енгізеді;
      тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуді алғаны және тіркеу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде іс-әрекеттер
(өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

      12. Уәкілетті органның жауапты орындаушылары құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттар:
      Қазақстан азаматтары - жеке куәлік (паспорт);
      шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;
      оралмандар - оралман куәлігі.
      2) еңбек қызметін растайтын құжат;
      3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәлік;
      4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      5) соңғы жылы алған табысы туралы мәліметтер (мәлімдеме сипатында болады).
      Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстырып тексеру үшін ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.
      14. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ), бұлар осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      15. ҚФБ және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схема, осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      16. Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте жауапты болады.

"Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және
есепке қою" мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
1-қосымша

      1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Іс-әрекет N (жұмыс ағыны, барысы)

1

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операция)

Қажетті құжаттарды қабылдау. Орталық деректер базасы жүйесіндегі картотека бойынша тұтынушының деректерін салыстыру

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімшілік шешімі)

Істің макеті

Орындалу мерзімі

15 минутка дейін

Іс-әрекет N (жұмыс ағыны, барысы)

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-әрекеттің атауы (үдеріс, рәсім, операция)

Компьютерлік деректер базасына дербес есеп карточкасын толтыру

Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімшілік шешімі)

Тіркеу және есепке қою

Орындалу мерзімі

10 жұмыс күнге дейін

"Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және
есепке қою" мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
2-қосымша

Өзара байланысты көрсететін схема

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады