Звездный селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы N 12/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 наурызда N 2272 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі N 21/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 22.04.2013 N 21/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Малдың аса қауіпті (құтырма) ауруына байланысты, Звездный селолық округінің аумағында құтырма бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысымен көзделген талаптарға сәйкес, мал иелеріне шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралары қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабында белгіленген, "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жануарлардың (құтырма) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралары өткізілсін.
      4. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Оспанов Ғалым Хамиұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сайфиддинұлы Кобжановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі                   С. Аймақов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
      бақылау және қадағалау Комитетінің
      Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ғ. Оспанов
      2013 жылғы 5 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады