2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 189 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қыркүйекте № 4509 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2013 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2013 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары С.Мақашовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ Б. ЖАХАНОВ

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "26" шілдедегі
N 189 қаулысына 1-қосымша

2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

N

Аудан атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны

1

Қазалы ауданы

703

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "26" шілдедегі
N 189 қаулысына 2-қосымша

Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

N

Аудан атауы

Бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығын
(теңге)

Мемлекеттік балабақшалар үшін

Жеке балабақшалар үшін

Шағын орталықтар үшін

1

Қазалы ауданы

25945

20295

15736

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "26" шілдедегі
N 189 қаулысына 3-қосымша

2013 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

N

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бір айдағы мөлшері

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бір айдағы мөлшері

1

Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады