"Жосалы кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 қарашадағы N 76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 шілдедегі N 112 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 тамызда N 4503 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 100 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 15.06.2017 № 100 шешімімен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 6 қарашадағы N 76 "Жосалы кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-5-99 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2008 жылғы 10 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДА:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қармақшы аудандық


мәслихатының кезектен тыс


18-сессиясының төрағасы

Ж. Жаппасбаев

Қармақшы аудандық


мәслихат хатшысы

М. Наятұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады