Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 04 сәуірдегі N 328 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 03 мамырда N 4439 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 29.05.2018 № 528 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш процент мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес процент мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына бес процент мөлшерінде квота белгіленсін.

      4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

      А. Ибрагимовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі С. Тауипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады