"Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi N 49-ө өкiмiне сәйкес Жаңақорған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Идирисовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жаңақорған ауданының әкімі | С. Тауипбаев |
Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң | |
2013 жылғы "25" қыркүйектегі | |
N 456 қаулысымен бекiтiлген |
Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.2. Өзiнiң бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзiнiң бағуындағы жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншiкке түседi және осы қағиданы басшылыққа алып пайдаланылады.
2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке келiп түсу тәртiбi
3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке келiп түсуi тапсыру – қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру – қабылдау актiсiнде аудандық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрi, жынысы, түсi, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру – қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, аудан, кент, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – әкiм), "Жаңақорған аудандық ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ветеринария бөлiмi), "Аудандық қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру – қабылдау актiсiн қаржы бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарларды қабылдау - беру актiсi негiзiнде теңгерiмге алу "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығымен жүзеге асырылады.
3. Аудандық коммуналдық меншiкке келiп түскен жануарларды пайдалану тәртiбi
5. Жануарларды есепке алу, бағалау, сату шығындары жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.6. Жергiлiктi атқарушы орган жануарларды уақытша күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтiмге алу жағдайына алдын-ала зерттеу жүргiзедi. Зерттеу барысында мiндеттi түрде күтiмге алатын жеке немесе заңды тұлғаның жануарды демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкiндiгi үшiн кеңiстiк көлемiмен, қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсендiлiк таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су iшу қажеттiлiгiн қанағаттандыру мүмкiндiгiмен, астаулармен, суаттармен және олардың табиғи қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен, жем-шөппен және iшетiн сумен, сонымен қатар жануарларға адамгершiлiк тұрғыда қарай алатыны ескерiлуi тиiс.
7. Аудандық коммуналдық меншiкке келiп түскен жануарлар оларды уақытша күтiмге алу үшiн жергiлiктi атқарушы орган анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға қаржы бөлiмiмен келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi.
8. Жануарларды күтiмге алу шығыны жеке немесе заңды тұлғаға қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi.
9. Жануарларды бағу мен пайдалануына берiлген жеке немесе заңды тұлға жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады.
10. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шаралары ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.
11. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз қалған жануарлар аукцион арқылы сатылады. Жануарларды сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет кiрiсiне толық есептеледi.
4. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртiбi
12. Жануарлар аудандық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде - ауданның тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда сот тәртiбiмен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.13. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.
14. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.
15. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм – шартпен рәсiмделедi.