Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы N 516 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қаңтарда N 4585 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 267 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 26.07.2017 № 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңының 8 және 27-баптарына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Ибрагимовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңақорған ауданы әкімінің


уақытша міндетін атқарушы

С. Идирисов


  Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 23 желтоқсандағы
N 516 қаулысына қосымша

Жаңақорған ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

N

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

Жаңақорған кенті

Қ.Сағырбайұлы көшесінің бас жағында орналасқан "Исатай" Ауылдық тұтыну кооперативінің шұжық цехының оңтүстік жағы, А.Накипов көшесінде орналасқан "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Жаңақорған аудандық бөлімшесі" ғимаратының солтүстік жағы

2

Шалқия кенті

М.Шоқай көшесінің бойында орналасқан базар алаңы, "Ази" кафесінің шығыс жағы

3

Акүйік ауылдық округі,

Бірлік ауылы

Н.Түршеков пен П.Дүйсенбаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Жасұлан" дүкенінің солтүстік шығыс жағы

4

Қожакент ауылдық округі, Қожакент ауылы

М.Әуезов пен А.Құнанбаев көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

5

Манап ауылдық округі,

Манап ауылы

Ж.Көпешұлы көшесінің бойында орналасқан N160 мектеп-интернат ғиматарының шығыс жағы

6

Манап ауылдық округі,

Талап бекеті

С.Мырзатаев көшесінің бойында орналасқан N254 мектептің батыс жағы

7

Қаратөбе ауылдық округі,

Баспақкөл ауылы

Достық көшесінің бойында орналасқан клуб ғимаратының батыс жағы

8

Кейден ауылдық округі,

Кейден ауылы

Сырдария көшесінің бойында орналасқан "Мақсат" кафесінің оңтүстік жағы

9

Бесарық ауылдық округі,

Бесарық ауылы,

Кеңес ауылы

С.Таңқиев пен Д.Құдабаев көшелерінің қиылысының батыс жағы,

И.Топышев пен Ә.Байтілеуов көшелері қиылысының шығыс жағы

10

Жайылма ауылдық округі,

Жайылма ауылы

Б.Жүсіпов көшесінде орналасқан N195 орта мектеп ғимаратының батыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады