Өмірзақ селосы әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 943 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 2270 тіркелді. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1498 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтау қаласының әкімдігінің  2013 жылғы 14 қарашадағы № 1498 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін ақылы шарттық негізде берілетін үй - жайлар тізбесі бекітілсін.
      2. Қосымшада көрсетілген үй жайлар бекітіліп берілген мемлекеттік заңды тұлғалар қалалық сайлау комиссиясының жасаған кездесу кестесіне сай Өмірзақ селосы әкімдігіне барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болатын ақылы шарттық негізде үй - жайлар беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау және оның қалалық әкімдіктің веб - сайтында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз ету Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Р.Т.Елтизаровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі                              Е. Жаңбыршин
 


Ақтау қаласы әкімдігінің
15 шілдедегі 2013 жылғы
№ 943 қаулысына қосымша
 

Өмірзақ селосы әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлар тізбесі
 

Қала мен елді мекендердің атауы Кездесулер өтетін орындар

Өмірзақ селосы

№ 27 орта мектебі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады