Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
директоры
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша |
Денисов ауданының аумағындағы жер асты сулары Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І-белдеу | ІІ-белдеу | ІІІ-белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
№ 09107 |
Радиусі - |
1,57 |
Радиусі - |
33,22 |
Радиусі - |
1020 |
Ескерту: "Жер асты суларының Әйет және Заәйет орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуларының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Денисов ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі).