2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 1420 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 тамызда № 4215 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдердi ұсыну мерзiмдері 2013 жылғы 10 мамырдан бастап 10 маусымға дейін болып айқындалсын.
      2. 2013 жылға арналған басым ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзiмдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 10 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Әкім                                       Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _______________________ Б. Мурзин

Әкімдіктің      
2013 жылғы 11 шілдедегі
№ 1420 қаулысына қосымша

2013 жылға арналған субсидияланатын
басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерi
бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзiмдерi

1

Аймақтық ғылыми негізделген
агротехнологияларды сақтап,
жазғы бидай, сұлы, арпа, тары,
қарақұмық, бұршақтұқымдастар
және дән

15 мамырдан бастап 5
маусымға дейiн

2

Майлы дақылдар

15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

3

Бiрiншi, екiншi
және үшiншi өсу жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық шөптер,
шабындық жерлердi шалғындандыру
үшiн егiлген көпжылдық шөптер

Бірінші мерзім – 1
мамырдан бастап 31
мамырға дейін,
екінші мерзім – 5
шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейін

4

Жемшөптiк

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

5

Сүрлемдiк жүгерi мен күнбағыс

15 мамырдан бастап
31 мамырға дейiн

6

Күздiк бидай және қара бидай

25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейiн

7

Көкөнiс және бақша дақылдары

25 сәуiрден бастап
10 маусымға дейiн

8

Картоп

10 мамырдан бастап 5
маусымға дейiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады