РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1791 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3948 болып тіркелген, 2012 жылғы 28 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері" қосымшасында:
реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
2 |
"Қашар |
Қызметкердің |
5720 |
Ең төменгі |
Қоғамдық жұмыстарға бір |
";
мына мазмұндағы реттік нөмірлері 19, 20, 21, 22-жолдарымен толықтырылсын:
"
19 20 21 |
"Қазақстан Рудный |
Қызметкердің Қызметкердің Қызметкердің Қызметкердің |
6592 9000 5800 3600 |
Ең төменгі Ең төменгі Ең төменгі Ең төменгі Ең төменгі |
Қоғамдық жұмыстарға бір Жұмыс уақытының жиынтық Қоғамдық жұмыстарға бір Қоғамдық жұмыстарға бір Қоғамдық жұмыстарға бір |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный
қаласының әкімі Б. Ғаязов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты жанындағы
Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) Қостанай
облыстық сотының кеңсесі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Н. Қатарбеков
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық
партиясы" қоғамдық бірлестігінің
Қостанай облысы Рудный қалалық
филиалы төрағасының бірінші
орынбасары
_________________ С. Байғожин
"Рудный қаласы мұсылмандарының
діни қоғамы" жергілікті діни
бірлестігінің қоғам төрағасы
__________________ С. Нұрқанов