Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 191 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызметін Аманкелді ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті алтыншы сессия төрағасы |
М. Қарқабатов |
Аудандық мәслихат хатшысы |
Ә. Саматов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
Департаментінің Аманкелді ауданы
бойынша Салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ М. Сейткамалов
Мәслихаттың 2013 жылғы 18 ақпандағы № 104 шешіміне қосымша |
Қызметін Аманкелді ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Реттік нөмірі | Салық салу объектісінің атауы | Айына бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерде) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |