Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 19.03.2014 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 93 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-87 тіркелген, 2009 жылдың 22 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында, мәтінінде "ауылдық (селолық)" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
кіріспеде "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы Л. Войлошникова
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко