Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 28.01.2014 № 07-7/92 хаты).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағы және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі ұсынымы негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылдың 5 маусымына дейін субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері белгіленсін.
2. Денисов ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Т.Б. Рамазановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Денисов ауданы
әкiмiнің міндетін атқарушы Т. Рамазанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы
___________________ А. Бабенов
Әкімдіктің
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 135 қаулысына қосымша
Денисов ауданы бойынша 2013 жылға арналған
субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы
себу мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жазғы бидай |
15 мамырдан бастап 5 |
2 |
Күздік бидай |
25 тамыздан бастап 10 |
3 |
Дәнді-бұршақ тұқымдас |
15 мамырдан бастап 5 |
4 |
Майлы дақылдар |
15 мамырдан бастап 30 |
5 |
Жемшөптік дақылдар |
15 мамырдан бастап 10 |
6 |
Бірінші өсіру |
бірінші мерзім – 1 |
7 |
Сүрлемдік және жүгері |
15 мамырдан бастап 31 |
8 |
Көкөністер |
25 сәуірден бастап 10 |
9 |
Көкөністі тамшылатып |
25 сәуірден бастап 10 |
10 |
Бақша дақылдары |
25 сәуірден бастап 10 |
11 |
Картоп |
10 мамырдан бастап 5 |
12 |
Картопты тамшылатып суару |
10 мамырдан бастап 5 |
13 |
Шабындық жерлерді, |
бірінші мерзім – 1 |