Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2013 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан көп);
3) елу жастан асқан адамдар;
4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ("Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі) жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардан алған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтілі жоқ бітірушілер.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С. Оспановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А. Кенжегарин
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Л. Зейнекина