Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі 2013 жылғы 20 сәуірден бастап 31 мамырға дейін айқындалсын.
2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Абжамаловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А. Кенжегарин
Әкімдіктің
2013 жылғы 14 маусымдағы
№ 116 қаулысына қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Басым ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жазғы бидай |
15 мамырдан бастап |
2 |
Арпа |
15 мамырдан бастап |
3 |
Сұлы |
15 мамырдан бастап |
4 |
Майлы дақылдар |
15 мамырдан бастап |
5 |
Жемшөптік дақылдар |
15 мамырдан бастап |
6 |
Көкөністер |
25 сәуірден бастап |
7 |
Бақша дақылдары |
25 сәуірден бастап |
8 |
Картоп |
10 мамырдан бастап |
9 |
Шабындық жерлерді |
Бірінші мерзім-1 мамырдан |