2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 653 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қаңтарда № 4402 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінің 678-тармақтарына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      1) 2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың қоса берілген тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері;
      2) қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары: қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен;
      3) қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақысы аудандық бюджет қаражаттары есебінен айына ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде.
      2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуге, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстардың қатысушыларына тиесілі жалақыны есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар аудандық бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындау шартында көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      4. "Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулымен бекітілген ұйымдармен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
      5. Қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары А.С. Ибраевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                   М. Утешов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қазақстан Республикасы Әділет
      Министрлігі Қостанай облысы
      Әділет департаментінің Жітіқара
      ауданының әділет басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Жузбаева

      "Қазақстан Республикасы Әділет
      Министрлігі сот актілерін орындау
      Комитеті Қостанай облысы
      бойынша сот актілерін орындау
      Департаменті Жітіқара ауданының
      ауданаралық аумақтық бөлімі"
      филиалының бөлім басшысы –
      аға сот орындаушысы
      _________________ Е. Раисов

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша салық
      департаментінің Жітіқара ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттiк мекемесiнің басшысы
      ___________________ Б. Шуинов
 

Әкімдіктің          
2013 жылғы 18 желтоқсан   
№ 653 қаулысымен бекітілген 

2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Ұйымның атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

1

"Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қостанай облысы Әділет департаментінің Жітіқара ауданының әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек көрсету - 7872 сағат

2

"Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек көрсету - 5904 сағат

3

"Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек көрсету - 9840 сағат

4

"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша салық департаментінің Жітіқара ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек көрсету - 9840 сағат

5

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі сот актілерін орындау Комитеті Қостанай облысы бойынша сот актілерін орындау Департаменті "Жітіқара ауданының ауданаралық аумақтық бөлімі" филиалы

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, жұмыстар жүргізуде күнделікті көмек көрсету - 5904 сағат

6

"Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Тургеновка ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 4768 сағат

7

"Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Пригородный ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 7872 сағат

8

"Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Шевченковка ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3328 сағат

9

"Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Тоқтаров ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3328 сағат

10

"Жітіқара ауданының Забелов ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Забелов ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 6080 сағат

11

"Жітіқара ауданының Волгоград ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Волгоград ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3320 сағат

12

"Жітіқара ауданының Ырсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Ырсай ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 7872 сағат

13

"Жітіқара ауданының Чайковский ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Чайковский ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3320 сағат

14

"Жітіқара ауданының Степной ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Степной ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3320 сағат

15

"Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Милютин ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3328 сағат

16

"Жітіқара ауданының Приречный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Приречный ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3320 сағат

17

"Жітіқара ауданының Тимирязев ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Тимирязев ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3328 сағат

18

"Жітіқара ауданының Аққарға ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Аққарға ауылы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 3320 сағат

19

"Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Жітіқара қаласы аумағын жинауда, абаттандыру мен көгалдандыруда күнделікті көмек көрсету - 305040 сағат

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады