Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 3 "2013 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 291 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қарашада № 4300 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қамысты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қамысты ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 3 "2013 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3999 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 ақпанда "Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 678 тармақтарына сәйкес Қамысты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ғазиз Ғұмарұлы Ахметчинге жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Ж. Бисимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады