Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 30.03.2015 № 271 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі-кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріліп алынсын.
2. Мыналар:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі-алушы) беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогигалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
4) әр кемтар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен |
Л. Романова |
Қамысты аудандық |
Б. Рахимжанов |