2013 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 96 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 сәуірде № 4089 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 186 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 28.05.2013 № 186 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабы 5) тармақшасына20–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатың жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдарды төлеу, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақыны есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.
      4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және  тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров ауданының әкімі                    Қ. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы
      әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасы
      "Федоров аудандық
      орталық ауруханасы"
      коммуналдық мемлекеттік
      кәсіпорынның
      бас дәрігері
      __________ Л. Финк

      "Ақжан және біз"
      жауапкершілік
      шектеулі серіктестік
      директоры
      ______ Р. Байменов

      "Федоров аудандық
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесінiң бастығы
      _______ Т. Волоткевич

      "Федоров ауданының
      қаржы және экономика
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ В. Гринак

Әкімдіктің      
2013 жылғы 27 наурыз  
№ 96 қаулысымен   
бекітілген      

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері

Ұйымның
атауы

Жұмыс
түрлері

Жұмыс
көлемі
(сағат)

Еңбекақы
төлеу

Жұмыстардың
нақты
жағдайлары

1.

"Ақжан
және
біз"
жауап-
кершілі-
гі шек-
теулі
серік-
тестігі

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін,
аумақты
жинауда,
елді мекен-
дерді абат-
тандыруға
қатысу, әле-
уметтік-
мәдени мақ-
сатындағы
объектілер-
дің, тарихи-
сәулеттік
ескерткіш-
тердің,
кешендердің
ағымдағы
жөндеу
жұмысына
қатысу

39072

Ең төменгі
айлық
жалақының
1,5

Қоғамдық
жұмыстарға
бір қатысу-
шының жұмыс
уақытының
ұзақтығы –
Қазақстан
Республика-
сының еңбек
заңнамасы-
мен еске-
рілген шек-
теулерді
есепке
алып, апта-
сына 40
сағаттан
артық емес,
екі демалыс
күнімен,
бір сағат-
тан кем
емес түскі
үзіліспен

2.

Қостанай
облысы
әкімдігі
Денсау-
лық сақ-
тау бас-
қармасы-
ның "Фе-
доров
аудандық
орталық
ауруха-
насы»"
комму-
налдық
мемле-
кеттік
кәсіпор-
ны

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
жинауға
көмек көр-
сету ауруха-
налық кешен-
нің аумағын
абаттандыру-
ға қатысу,
қоршауларын
сырлау, өн-
дірістік
жайлардың,
сыртқы қа-
бырғаларын
ақтау

2288

Ең төменгі
айлық
жалақының
1,5

Қоғамдық
жұмыстарға
бір қаты-
сушының
жұмыс
уақытының
ұзақтығы –
Қазақстан
Республика-
сының еңбек
заңнамасы-
мен еске-
рілген шек-
теулерді
есепке
алып, апта-
сына 40
сағаттан
артық емес,
екі демалыс
күнімен,
бір сағат-
тан кем
емес түскі
үзіліспен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады