"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 01 наурыздағы N 308/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 сәүірде N 3490 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы N 778/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 20.06.2013 N 778/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" N 745 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттiк қызметтің қоса берілген регламентi бекiтілсін.
      2. "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының белгіленген тәртіпте әділет органдарында тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Павлодар қаласының әкімі                   О. Қайыргелдинов

Павлодар қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 01 наурыздағы 
N 308/1 қаулысымен бекітілген

"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және
үшінші жасөспiрiмдiк разрядтар, біліктілігі жоғары және
орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі
жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы,
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші
санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары
мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің атауы: "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешiлерiне спорттық разрядтары мен бiлiктiлiктердi ресми тану мақсатында көрсетiледi (бұдан әрi-алушылар).
      5. "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттiк қызметі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 шiлдедегi N 981 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттік стандарт негізінде көрсетіледі (бұдан әрi - стандарт).
      6. Мемлекеттік қызмет "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрi - уәкілетті орган), Павлодар облысы, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 170, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрi - орталық), Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалымен, Кутузов көшесі, 204, Павлодар қалалық бөлімімен, Исенәлиев көшесі, 24, N 1 Павлодар қалалық бөлімімен көрсетіледi.
      Қабылдау электрондық кезек тәртiбiнде жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
      Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.
      7. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште 5 жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi не мемлекеттiк көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
      2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негізі стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлерiмен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттiк қызметті алу үшін алушы орталыққа стандарттың 11-тармағында көрсетілген толық құжаттар тізімін ұсынады.
      12. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырғаны үшін қолхат беріледі.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық- функционалдық бірліктері әрекет етеді (бұдан әрі - ҚФБ):
      1) уәкілетті орган қызметкері;
      2) уәкілетті орган комиссиясы;
      3) уәкілетті орган бастығы.
      14. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) өзара іс-қимыл реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
      15. Осы регламенттің 2-қосымшасында іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалды бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін нобайы ұсынылған.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық
тұлғалардың жауапкершіліктері

      16. Уәкілетті органның лауазымды тұлғалары және орталық қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету барысында шешім қабылдау және әрекет ету (әрекет етпеу) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген тәртібіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

"Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi,      
екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар,    
бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi      
екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары  
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,   
бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi  
санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары
мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет  
регламентіне 1 қосымша          

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
(бұдан әрі - ҚФБ) сипаттау әрекеті

Жұмыс әрекеті (жүру, жұмыс ағыны)

1

Әрекет N (жүру, жұмыс ағыны)

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның қызметкері

Уәкілетті органның комиссиясы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның қызметкері

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның қызметкері

3

Іс-әрекеттің атауы (үдерістің,рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Алушымен ұсынылған құжаттарды қарастыру

Спорттық разрядтары және санаттарын беру бұйрықты шығару туралы

Спорттық разрядтары және санаттарын беру бұйрығынан көшірме жобасын дайындау туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Спорттық разрядтары және санаттарын беру бұйрығынан көшірме жобасына қол қою туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Орталыққа порттық разрядтары және санаттарын беру бұйрығынан көшірме жобасын беру туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден туралы дәлелді жауап бас тарту

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешімдер)

Спорттық разрядтары және санаттарын беру туралы құжаттар

Спорттық разрядтары және санаттарын беру туралы немесе спорттық разрядтары және санаттарын беру құжаттарды қарастырудан бас тарту шешімі

Спорттық разрядтары және санаттарын беру туралы бұйрық

Спорттық разрядтары және санаттарын беру бұйрығынан көшірме жобасын дайындау туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Спорттық разрядтары және санаттарын беру бұйрығынан көшірме жобасына қол қою туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

Спорттық разрядтары және санаттарын беру бұйрығынан көшірме жобасын беру туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындалу мерзімі

20 минут

22 күнтізбелік күн

3 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

20 минут

6

Келесі әрекет нөмірі

2

3

4

5

6


"Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi,      
екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар,    
бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi      
екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары  
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,   
бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi  
санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары
мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет  
регламентіне 2 қосымша          

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады