2013 жылы Ақсу аймағының елді мекендердіне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы N 109/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде N 3501 болып тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы N 1-11/43 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 11.03.2014 N 1-11/43 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабының 3-тармағы 4) тармақшасына, 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы Ақсу аймағының елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады