Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 08.12.2023 № 78/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Заңына сәйкес мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында Баянауыл аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың отбасыларына материалдық көмек тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш көлемінде жергілікті бюджеттен көрсетілсін.
2. "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің 1 тармағының орындалуын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нақты талаптарына сәйкес қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық маслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | О-А. Жельвис |
Аудандық мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | М. Базаров |