Железин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы "Железин ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 132/4 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы N 95/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 наурызда N 3485 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы N 436/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 12.11.2013 N 436/10 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы "Железин ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 132/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 12-6-141 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі N 16 "Туған өлке" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      "Бір жұмыссыздың еңбегіне төлем мөлшері (теңге)" деген бағанда "(теңге)" деген сөздері алынып тасталсын;
      14-жолда "теңге" деген сөздері алынып тасталсын;
      "17439" деген сандар "Ең төменгі еңбекақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі" деген бағанда:
      14-жол "үй-үйді аралау – 2023 аула, үй шаруашылығы санағы және шаруашылық кітаптарындағы жазбаны нақтылау үшін." деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Нүкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады