Качир ауданы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі N 94/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 мамырда N 3531 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 344/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 22.10.2013 N 344/9 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Качир ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ (1 жылдан көп) жұмыс істемеген тұлғалар;
      2) қоса санағандағы 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) отбасында бір де бір адам жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) бұрын жұмыс істемеген (жұмыс өтілі жоқ) тұлғалар;
      5) жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;
      6) әйелдер үшін 50 жастан асқан және ерлер үшін 55 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын  бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е. Біләлеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Күлжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады