2013 жылы Лебяжі ауданы азаматтарын жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 28/2 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 04 ақпанда N 3400 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 28 қазандағы N 324/65 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 28.10.2013 N 324/65 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылғы халықтың нысаналық тобына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) бір жылдан аса жұмыс істемеген 50 жастан асқан тұлғалар;
      2) дәрігерлі-кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
      3) бірде-бір жұмыс істейтін отбасы мүшесі жоқ жұмыссыздар;
      4) 29 жасқа дейінгі жастар;
      5) мамандығы және еңбек өтілі жоқ тұлғалар.
      2. Азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шара ретінде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген халықтың нысаналы тобындағы тұлғалар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады