Мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 01 қаңтардағы N 46/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 ақпанда N 3433 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 19 маусымдағы N 199/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 19.06.2013 N 199/6 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Екiншi және үшiншi, жасөспiрiмдер арасындағы бірiншi, екiншi және үшiншi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Әутәліпов

"Успен ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қаңтардағы
N 46/1 қаулысымен   
бекітілген      

"Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi
жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта
деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,
бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын
беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет атауы: "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру".
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі N 981 қаулысымен бекітілген "Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – стандарт).
      4. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешiлерiне (бұдан әрi - алушылар) көрсетіледі.
      5. Мемлекеттік қызмет, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен селосы, Семенченко, 27, Uspcultura@mail.ru, 8-71834-91-4-40, мекен-жайында орналасқан "Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган), жұмыс кестесі демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағ. 13.00-ден сағ. 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағ. 9.00-ден сағ. 18.00-ге дейін күн сайын, және де, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен селосы, 10 лет Независимости көшесі, 30 мекен-жайында орналасқан, телефоны 8(71834) 91-8-40, халыққа қызмет көрсету Орталығы (әрі қарай - Орталық) арқылы демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағ. 13.00-ден сағ. 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағ. 9.00-ден сағ. 19.00-ге дейін күн сайын көрсетіледі.
      6. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште 5 жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi не мемлекеттiк көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);
      2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекеттер
(өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11 тармағында белгіленген құжаттарды ұсыну қажет.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
      1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;
      2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      9. Стандарттың 16 тармағымен қаралған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісі кезінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер қатыстырылған:
      1) орталықтың қызметкері;
      2) уәкілетті органның маманы;
      3) уәкілетті органның комиссиясы;
      4) уәкілетті органның бастығы.
      11. Құрылымдық-функционалдық бірліктердің іс-әрекеттерінің реттілігі осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.
      12. Іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктердің өзара байланысуын көрсететін кесте осы регламенттің 2 қосымшасында келтірілген.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін
тұлғалардың жауапкершілігі

      13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

"Екінші және үшінші разрядтар,   
бірінші, екінші және үшінші, жасөспірімдік
разрядтар, біліктілігі жоғары және орта
деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі    
екінші санатты нұсқаушы-спортшы, 
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі
екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі
спорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша              

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің
іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Әрекеттің (барыстың, жұмыс ағымының) N 1 2 3 4 5 6

Құрылымдық-функционалдық бірліктердің атауы

Орталықтың қызметкері

Уәкілетті органның комиссиясы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның бастығы

Орталықтың қызметкері

Әрекеттің (процестің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау

Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қарау

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрық шығарады

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзіндінің не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзіндінің не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қою

Тұтынушыға Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзіндінің не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы не спорттық разрядтары мен санаттарын беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрық

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Спорттық разрядтары мен санаттарын беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Орындау мерзімдері

20 минуттан аспайды

22 күнтізбелік күн

3 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

1 күнтізбелік күн

20 минуттан аспайды

Келесі әрекеттің номері

2

3

4

5

6


"Екінші және үшінші разрядтар,   
бірінші, екінші және үшінші, жасөспірімдік
разрядтар, біліктілігі жоғары және орта
деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,
біліктілігі жоғары деңгейдегі    
екінші санатты нұсқаушы-спортшы, 
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі
екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі
спорттық разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
2-қосымша              

Іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен
құрылымдық-функционалдық бірліктердің өзара
байланысуын көрсететін кесте

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады