РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және 7 бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралары туралы" N 836 қаулысына сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Шарбақты ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайы, қатысушылардың еңбекақы көлемі және оларды қаржыландырудың көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын қоғамдық жұмыстармен айналысатын мекемелердің тiзбесi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Асқаров |
Шарбақты аудан әкімдігінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы N 441/12 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайы,
сұраныстар, ұсыныстар және қаржыландыру
көздері, мекемелердің тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 04.12.2014 N 444/19 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.№ р/с | Мекемелердің тізбесі | Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайы | Сұраныс(қажеттілігі туралы өтініші) (адам) | Ұсыны (бекітілді) (адам) | Қатысушылардың еңбекақы төлемінің көлемі және қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | «Шарбақты ауданының Александровка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) қар тазарту – 1000 м2; 2) аумақты санитарлық тазарту – 6000 м2; 3) ағаш суару – 100 дана; 4) гүлдерді отырғызу, суару, жинау – 15 клумба; 5) қарттарға көмек көрсету: ағаш жару – 20 м3; 6) қоғамдық науқанды өткізуге көмек көрсету (мал санағы) – 420 үй. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 7 | 7 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
2 | «Шарбақты ауданының Алексеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) аумақты санитарлық тазарту – 8600 м2; 2) ауылдың ішіндегі жол шұңқырларын жөндеу – 1700 м2; 3) ағаш суару – 300 дана; 4) көктемде ағаштарды, бұталарды өңдеу – 750 дана; 5) гүлдерді отырғызу, суару, жинау – 20 клумба; 6) ескерткіштер мен обелискіні абаттандыру – 300 м2; 7) бала–бақша ғимаратын жөндеуге көмек көрсету (сырлау, әктеу) – 200 м2; 8) қар тазарту – 1000 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 22 | 22 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
3 | «Шарбақты ауданының Галкино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) аумақты санитарлық тазарту – 19600 м2; 2) көшет отырғызу және суару – 1000 дана; 3) ағаштарды әктеу – 80 м2; 4) шөптерді жұлу – 2000 м2; 5) көктемде ағаштарды өңдеу – 100 дана; 6) гүлзарларды бөлу және суару – 200 м2; 7) қоғамдық науқанды өткізуге көмек көрсету (мал санағы) – 398 үй; 8) қоқысты арту – 100 тонна; 9) объектіні сырлау және әктеу – 194 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні | 12 | 12 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
4 | «Шарбақты ауданының Жылы – Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) гүлзарларды бөлу – 100 м2; 2) ауыл ішіндегі жол шұңқырларын жөндеу – 210 м2; 3) көктемде ағаштарды өңдеу – 500 дана; 4) аумақты санитарлық тазарту – 20200 м2; 5) қоршауларды сырлау – 200 м2; 6) обелискіні аббаттандыру: сырлау – 20 м2, әктеу – 40 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 7 | 7 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
5 | «Шарбақты ауданының Красиловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) гүлзарларды бөлу – 81 м2; 2) қоқысты арту – 120 тонна; 3) ағаштарды және көшеттерді өңдеу – 1000 м2; 4) гүлзарларды суару – 81 м2; 5) саябақ және саяжол аумақтарын санитарлық тазарту – 5000 м2; 6) ауыл ішіндегі жол шұңқырларын жөндеу – 2000 м2; 7) шөптерді жұлу – 480 м2; 8) аумақты санитарлық тазарту – 830 м2; 9) қар тазарту – 600 м2; 10) қарттарға көмек көрсету: үйдің ішінде әктеу, сырлау – 128 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 6 | 6 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
6 | «Шарбақты ауданының Сынтас селолық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 1) аумақты санитарлық тазарту – 28240 м2; 2) көктемде ағаштарды өңдеу – 300 дана; 3) қоқысты арту – 26 тонна; 4) бұталарды кесу – 200 дана; 5) ғимаратты әктеу, сырлау – 1000 м2; 6) ауыл ішіндегі жол шұңқырларын жөндеу – 2000 м2; 7) шөпті жұлу – 500 м2; 8) көшеттерді отырғызу – 500 дана. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 9 | 9 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
7 | «Шарбақты ауданының Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) аумақты санитарлық тазарту – 19750 м2; 2) ағаштарды, бұталарды кесу – 400 дана; 3) гүлзарларды бөлу – 160 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 2 | 2 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
8 | «Шарбақты ауданының Сосновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) ағаштарды әктеу – 100 дана; 2) гүлзарларды бөлу және суару – 130 м2; 3) саябақ және саяжол аумақтарын санитарлық тазарту – 47000 м2; 4) ағаштарды, бұталарды кесу – 1450 дана; 5) жол жиектерін әктеу – 1000 м2; 6) бағаналарды әктеу – 100 м2; 7) көшеттерді отырғызу – 500 дана; 8) көшеттерді суару – 1100 дана. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 9 | 9 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
9 | «Шарбақты ауданының Татьяновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) аумақты санитарлық тазарту – 41000 м2; 2) ағаш және бұталарды кесу – 100 дана; 3) ағаш отырғызу және суару – 100 дана; 4) ескерткіштер мен обелискілерді абаттандыру – 800 м2; 5) қоқысты арту – 150 тонна; 6) ауыл ішіндегі жол шұңқырларын жөндеу – 2000 м2; 7) қарттарға көмек көрсету: ағаш жару – 2 м3, қар тазарту – 2 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні | 20 | 20 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
10 | «Шарбақты ауданының Хмельницкий ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) көшет отырғызу – 1500 дана; 2) гүлбақшаларды бөлу және суару – 150 м2; 3) обелискіні аббаттандыру – 1000 м2; 4) ауылдың ішіңдегі жол шұңқырларын жөндеу – 3000 м2; 5) қоқысты арту – 100 тонна; 6) ағаштарды әктеу – 225 дана; 7) көктемде ағаштарды өңдеу - 225 дана; 8) объектіні әктеу және сырлау - 1000 м2; 9) көшедегі қоршауларды сырлау – 200 м2; 10) аумақты санитарлық тазарту – 53000 м2; 11) қар тазарту - 4500 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 31 | 31 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
11 | Шарбақ ты ауданын Чигириновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) ағаш суару – 50 дана; 2) гүлбақшаларды бөлу және суару – 50 м2; 3) қоғамдық науқанды өткізуге көмек көрсету (мал санағы) – 333 үй; 4) ағаштарды және бұталарды кесу – 100 дана; 5) қоқысты арту – 60 тонна; 6) аумақты санитарлық тазарту – 47000 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні | 5 | 5 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
12 | «Шарбақты ауданының Шалдай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) аумақты санитарлық тазарту – 39600 м2; 2) ағаштарды және бұталарды өңдеу – 100 дана; 3) гүлзарларды бөлу және суару – 220 м2; 4) жол жиектерін әктеу – 60 м2; 5) құжаттарды өңдеуге көмек көрсету – 36 дана; 6) көктемде ағаштарды әктеу – 180 дана; 7) қоғамдық науқанды өткізуге көмек көрсету (мал санағы) – 550 үй. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 4 | 4 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
13 | «Шарбақты ауданы Шарбақты ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі | 1) аумақты санитарлық тазарту – 220000 м2; 2) қар тазарту – 50000 м2; 3) гүлзарларды бөлу және суару – 2000 м2; 4) қоғамдық науқанды өткізуге көмек көрсету (мал санағы) – 2528 үй; 5) құжаттарды өңдеуге көмек көрсету – 2526 дана; 6) қарттарға көмек көрсету: ағаш жару – 80 м3, қар тазарту – 440 м2, аумақты тазарту – 3200 м2, су тасу – 49 м3. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 103 | 103 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
14 | «Шарбақты орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 1) ғимаратты жөндеу, әктеу, сырлау – 530 м2; 2) аумақты санитарлық тазарту – 6084 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 1 | 1 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
15 | «Айгөлек» бала – бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 1) ғимаратты жөндеу, әктеу, сырлау – 717 м2; 2) аумақты санитарлық тазарту – 404 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 8 | 8 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
16 | «Шарбақты № 3 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі | 1) ғимаратты жөндеу, әктеу, сырлау – 1857 м2; 2) аумақты санитарлық тазарту – 1045 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 2 | 2 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
17 | «қарттар және мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Шарбақты медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 1) ғимаратты жөндеу, әктеу, сырлау – 230 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 2 | 2 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |
18 | «Шарбақты ауданының оқу бөлімінің балалар музыка мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны | 1) терезелерді сырлау, жуу – 11 дана; 2) ғимаратты әктеу – 59 м2; 3) еденді сырлау – 27,1 м2. Аптасына 5 күн, 8 сағаттық жұмыс күні. | 1 | 1 | 19 966 мың теңге, аудандық бюджет |