Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.08.2013 N 1549 қаулысымен
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2013 жылы басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 10 мамырдан бастап туындағандарға қатысты таратылады.
Қала әкімі Т. Закариянов
Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 9 шілде
№ 1219 қаулысына қосымша
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2013 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері
№ |
Дақылдардың атауы |
Өтінім беру мерзімдері |
Егу мерзімдері |
1 |
Картоп |
2013 жылғы 20 шілдеге дейін |
15.05.2013 жылғы – 30.05.2013 жылғы |
2 |
Сәбіз |
2013 жылғы 20 шілдеге дейін |
10.05.2013 жылғы – 20.05.2013 жылғы |
3 |
Қызылша |
2013 жылғы 20 шілдеге дейін |
25.05.2013 жылғы – 5.06.2013 жылғы |
4 |
Орамжапырақ көшеті |
2013 жылғы 20 шілдеге дейін |
25.05.2013 жылғы – 12.06.2013 жылғы |
5 |
Қияр |
2013 жылғы 20 қыркүйекке дейін |
01.09.2013 жылғы – 30.12.2013 жылғы |