"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 1 ақпандағы N 22 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 7 наурызда N 2214 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 24 мамырдағы N 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 24.05.2013 N 141 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің орынбасары С.Ө Мұқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                  Р. Елубаев

 

Аққайың ауданы әкімдіктің
2013 жылғы « 1 » ақпандағы
№ 22 қаулысымен бекітілген

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға (бұдан әрі - алушы);
      2) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысушылар (уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері) (бұдан әрі Ғ – ҚФБ);
      3) экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.

2. Жалпы ережелер

      2. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) алушыларға «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес көрсетіледі және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартымен (бұдан әрі -Стандарт) белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбiне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттік қызмет аудандық білім бөлімі – «Аққайың аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі- уәкілетті орган) және Аққайың ауданының негізгі орта және жалпы орта білім беретін ғимаратында оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) осы регламенттің 12– қосымшаларынасәйкес көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымы) және аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің ғимаратында жүзеге асырылады.
      Ғимараттың ішіндегі қызмет көрсетілетін орынжайлар көлемі, орналасуы және кескіні жағынан сапалы қызмет көрсетуге арналған талаптарға сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін креслолар мен орындықтар қойылған.
      Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
      Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ білім беру ұйымдары ғимараттарының ақпараттық стендтерінде орналастырылады.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі алушы осы Регламенттің 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
      9. Мынадай:
      1) алушы осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
      2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
      3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;
      4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру сәтiне дейiнгі мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi:
      1) алушы білім беру ұйымына осы Регламенттің 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
      2) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға құжаттардың алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме береді;
      3) білім беру ұйымының басшысы жұмысқа құжаттарды қабылдағаннан кейін келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығына және сенімділігіне тексерісті жүзеге асырады;
      4) білім беру ұйымының басшысы экстернат нысанында оқуға рұқсат беруге немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды;
      5) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беруді немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
      11. Білім беру ұйымында мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бiр қызметкердi құрайды.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісiндегі іс-әрекет (өзара іс-әрекет) тәртiбiнiң сипаттамасы

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы өтінішті еркін үлгіде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына береді.
      Өтінішке қоса:
      1) білім алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтама-қорытындысын;
      2) білім алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде білім алғандығын растайтын құжатты;
      3) білім алушылардың соңғы оқыған сыныбында берілген үлгерім табелінің көшірмесін (нотариалды расталған) ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде алушыға алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме беріледі.
      14. Экстернді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешім білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қабылданады.
      Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты білім беру ұйымы шығарады.
      15. Көрсетілген қызмет нәтижесін жеткізу алушының жеке қатысуымен болады.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде мынадай ҚФБ әрекет етеді:
      1) білім беру ұйымының жауапты тұлғасы;
      2) білім беру ұйымының басшысы.
      17. Әрбір әкiмшiлiк іс-әрекеттiң (рәсiмнің) орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әрбір ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерінiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісiндегі әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба осы Регламенттiң 4-қосымшасында келтiрiлген.

5. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын уәкілетті органның, білім беру ұйымдарының басшылары және лауазымды тұлғалары (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.
      Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздік) жауап береді.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
1- қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша уәкілетті орган

Уәкілетті органның атауы

Заңды мекен-жайы

Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

Солтүстік Қазақстан облысы «Аққайың аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново селосы, Труд көшесі, 16

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8-71532-2-10-05

 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға
рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламентіне
2- қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша білім беру ұйымдары

Білім бөлімінің атауы

Заңды мекен-жайы

Жұмыс тәртібі

Байланыс телефоны

1

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Аралағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Аралағаш селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 52641

2

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Астраханка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Астрахан селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 29149

3

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Власовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Власовка селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 27598

4

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ивановка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Ивановка селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 52369

5

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қиялы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Қиялы селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 25535

6

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ленин орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Ленинский селосы

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 29472

7

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Полтавка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Полтавка селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 26386

8

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Рублевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Рублевка селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 27419

9

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Смирнов №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Труд көшесі,

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 21168

10

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Смирнов №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Труд көшесі,

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 21245

11

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Смирнов №3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Пушкин көшесі,

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 22249

12

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Совет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Трудовое селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 52649

13

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тоқшын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Тоқшын селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 26625

14

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шағалалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Шағалалы, ауылы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 23631

15

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Черкас орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Черкас селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 52209

16

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Безлесный негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Безлесный селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 51305

17

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Дайындық негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Дайындық селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 29438

18

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Добровольский негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Добровольский селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 51173

19

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Камышлов негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Камышлов селосы

Күнде сағат 9.00-дан
18.00–ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 52090

20

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кучковка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Кучковка селосы

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 51585

21

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Степной негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Степной селосы

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 51721

22

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төменка негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Төменка селосы

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 52089

23

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктерек бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Көктерек селосы

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 21303

24

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қанжығалы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Қанжығалы селосы

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 51307

25

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Новороссийка бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Новороссийка селосы

Күнде сағат 9.00-дан 18.00 –ға дейін, түскі үзіліс 13.00-14.00, сенбі, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8 (71532) 52516

 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
3-қосымша

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) дәйектілігі мен өзара іс-әрекетiнің сипаттамасы

Негiзгi үдерістiң (жұмыстар барысының, ағынының) әрекеті

1

Әрекеттің №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы

3

Әрекеттің (үдерістiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Осы Регламенттің 12-тармағында көрсетілген, алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау

Келіп түскен құжаттардың және деректердің толықтығын және сенімділігін тексеру, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiне қол қою

Алушыға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру

4

Аяқтау нысаны

Алушыға құжаттардың алынған күні туралы белгі қойылған тізімдемені беру

Экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

5

Орындау мерзімдері

Құжаттарды тапсырғанда бірден беріледі

15 жұмыс күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

-

 
 

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне
4-қосымша

Әкiмшiлiк іс-әрекеттердiң қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты айғақтайтын сызба

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады