2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі N 118 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 мамырда N 2264 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 2014 жылғы 21 қаңтардағы N 7.1.8-12/22 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 21.01.2014 N 7.1.8-12/22 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Қағидасының 12-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Өтеген Рахымғазыұлы Жүсіповке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е. Нұрақаев

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 118 қаулысына
қосымша

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша егудің оңтайлы мерзімдері

Жер өңдеу аумағы

Дақыл

2013 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімдері

Субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері

II-далалық, жазықтық, тікенедала-
лық

Көпжылдық өсімдіктер: Түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас, козлятник I мерзім

5 мамырға дейін

5 мамырдан 15 мамырға дейін

Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – 1 мерзім (бұршақ + сұлы)

8 мамырға дейін

8 мамырдан 10 мамырға дейін

Пияз (тұқым)

10 мамырға дейін

10 мамырдан 20 мамырға дейін

Сәбіз (тұқым)

10 мамырға дейін

10 мамырдан 20 мамырға дейін

Рапс – әдеттегі сүрі жерімен себу

12 мамырға дейін

12 мамырдан 20 мамырға дейін

Аңқа

13 мамырға дейін

13 мамырдан 18 мамырға дейін

Майлы тұқымға күнбағыс

15 мамырға дейін

15 мамырдан 20 мамырға дейін

Картоп

15 мамырға дейін

15 мамырдан 30 мамырға дейін

Қияр

16 мамырға дейін

16 мамырдан 5 маусымға дейін

Дәнді технологиясы бойынша сүрлемге жүгері

16 мамырға дейін

16 мамырдан 20 мамырға дейін

Жаздық жұмсақ бидай орташа кеш сорттар

17 мамырға дейін

17 мамырдан 27 мамырға дейін

Зығыр, қыша

18 мамырға дейін

18 мамырдан 25 мамырға дейін

Сүрлемге күнбағыс

18 мамырға дейін

18 мамырдан 24 мамырға дейін

Жаздық жұмсақ бидай орташа пісіп жетілетін

20 мамырға дейін

20 мамырдан 28 мамырға дейін

Рапс – ең төмен және нөлдік сүрі жерімен себу

20 мамырға дейін

20 мамырдан 28 мамырға дейін

Жаздық қатты бидай

20 мамырға дейін

20 мамырдан 25 мамырға дейін

Бұршақ

20 мамырға дейін

20 мамырдан 27 мамырға дейін

Қарақұмық

20 мамырға дейін

20 мамырдан 25 мамырға дейін

Арыш

20 мамырға дейін

20 мамырдан 26 мамырға дейін

Қытай бұршақ

22 мамырға дейін

22 мамырдан 25 мамырға дейін

Жасымық

22 мамырға дейін

22 мамырдан 28 мамырға дейін

Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – ІІ мерзім (сұлы + арпа + бұршақ + бидай, судан шөбі + бұршақ, тары + бұршақ)

23 мамырға дейін

23 мамырдан 25 мамырға дейін

Арпа – орташа кеш сорттары

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

Сұлы

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

Тары

25 мамырға дейін

25 мамырдан 30 мамырға дейін

Жаздық жұмсақ бидай орташа ерте сорттар

25 мамырға дейін

25 мамырдан 3 маусымға дейін

Қызылша

25 мамырға дейін

25 мамырдан 5 маусымға дейін

Қырыққабат көшеттері

25 мамырға дейін

25 мамырдан 12 маусымға дейін

Қызанақ көшеттері

28 мамырға дейін

28 мамырдан 12 маусымға дейін

Арпа – орташа пісіп жетілетін сорттар

30 мамырға дейін

30 мамырдан 3 маусымға дейін

Жемшөпке біржылдық өсімдіктер (сұлы + бұршақ, бұршақ + сұлы + арпа), шөп (судан шөбі, тары, могар, сұлы + сиыржоңышқа) және пішендеме (сұлы + арпа + бұршақ, сұлы + бұршақ, тары + бұршақ)

5 маусымға дейін

5 маусымнан 10 маусымға дейін

Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – ІІІ мерзім (бұршақ + сұлы + арпа, судан шөбі + бұршақ, сұлы + бұршақ)

8 маусымға дейін

8 маусымнан 10 маусымға дейін

Көпжылдық өсімдіктер: Түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас, козлятник II мерзім

5 шілдеге дейін

5 шілдеден 20 шілдеге дейін

Жасыл конвейер (біржылдық өсімдіктер) – ІV мерзім (рапс, сұлы)

8 шілдеге дейін

8 шілдеден 10 шілдеге дейін

Күздік қара бидай (жемшөпке)

10 тамызға дейін

10 тамыздан 15 тамызға дейін

Күздік бидай

25 тамызға дейін

25 тамыздан 8 қыркүйекке дейін

Күздік қара бидай

25 тамызға дейін

25 тамыздан 8 қыркүйекке дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады