Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты 30.06.2014 N 8.1.5-2/486 хаты).
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2014 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің |
З. Мәкенов |