2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы N 407 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қаңтарда N 2517 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты 29.12.2014 N 8.1.5-2/1111 хаты)

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты 29.12.2014 N 8.1.5-2/1111 хаты).
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтар анықталсын:
      1) аз қамтылған;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) колледждер мен кәсіби лицейлердің түлектері, оқу мекемелерін аяқтаған күнінен бастап бір жыл бойына;
      4) ұзақ уақыт бойына жұмыс істемейтін тұлғалар (он екі немесе одан ұзақ айлар);
      5) бір де біреуі жұмыс істемейтін отбасыларының тұлғалары;
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары З.Б.Макеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Жамбыл ауданының әкімі

О. Қаппасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады