Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған селолық округ әкімінің орнына үміткерлердің таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы N 530 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 қарашада N 2393 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 20.10.2014 N 521 қаулысымен.
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 46-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының" 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған селолық округ әкімінің орнына барлық үміткерлері үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. 2-қосымшасының тізбесіне сәйкес, Тайынша аудандық сайлау комиссясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған селолық округ әкімінің орнына барлық үміткерлеріне таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде үй-жайлар берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тайынша ауданы әкімі аппаратының басшысы У.Б.Бейсембаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының әкімі
      КЕЛІСІЛДІ
      Тайынша аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы
       2013 жыл 23 қазан

С.Салтықов
 
 
Ю. Солунина
 


Тайынша ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қазандағы № 530
қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған селолық округ әкімінің орнына үміткерлерінің үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
 

№ р/с

Ауылдық (селолық) округтің, елді мекен атауы

Сайлау алды үгіттеудің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін конструкциялардың орналасқан жері

1.

Тайынша қ.

«Достық» орталық алаңындағы тумбалары.
50 лет Октября к., № 49 орналасқан элеватор кеңсесінің алдындағы ақпараттық стенд.
Железнодорожный м.а. орналасқан темір жол вокзалы ғимаратының алдындағы ақпараттық стенд.



Тайынша ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қазандағы № 530
қаулысына 2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында шығып қалған селолық округ әкімінің орнына таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізбесі
 

№ р/с

Ауылдық (селолық) округтің, елді мекен атауы

Таңдаушылармен кездесу үшін үй-жай

1.

Тайынша қ.

Аудандық мәдениет үйі Железнодорожный мөлтек ауд. № 15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады