"2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұратын, халықтын нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 5 қарашадағы N 321 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 қарашада N 2399 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппарат басшысы 2014 жылғы 29 қаңтардағы N 13.1.1-30/37 хаты)
      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2013 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2157 тіркелген, аудандық «Көтерілген тың», «Нива» газеттерінде 2013 жылғы 2 мамырда жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспесі келесі редакцияда жариялансын:
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкіміЕ. Базарханов
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады