"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 Қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2014 жылғы қаңтар-наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне (келісім бойынша) тіркелу жылына он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының тіркелуі және медициналық куәландыруы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімінің орындауына бақылау әлеуметтік мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Зина Сапуанқызы Байғаскинаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ" "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы 3 желтоқсан 2013 жыл |
Р. Мұратбеков |