Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 22 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 ақпанда № 2700 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 353 қаулысымен

Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 2737-баптарына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабының 1)26) тармақшаларына және 74-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы бекітілсін.
      2. "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы және аудандардың әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
      3. Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы № 275 "Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру мәселелері" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2576 болып тіркелген, "Атырау" газетінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 147 санына жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Б. Ізмұхамбетов


Атырау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қаңтардағы № 22
қаулысына қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 23 қаңтардағы № 22
қаулысымен бекітілген

Коммуналдық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Коммуналдық мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабы 1)26) тармақшаларына және 74-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.
      2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар) мүліктік жалдау (жалға алу) объектілері болып табылады.
      3. Объектілерді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруді "Атырау облысы Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Атырау қаласы мен аудандық қаржы бөлімдері (бұдан әрі – жалға беруші) объектінің теңгерім ұстаушысының келісімі бойынша жүзеге асырады.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар коммуналдық мүлікті жалдауға алушылар (жалға алушылар) (бұдан әрі – жалдауға алушы) бола алады.
      5. Мүлiктiк жалдау (жалға алу) шарты (бұдан әрі – Шарт) шарт талаптарын тиiсiнше орындаған жағдайда шарттың әрекет ету мерзімін ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзiмге жалға берушінің шешімі (бұйрығы) негізінде жасалады.
      Егер шартта белгіленген мерзім өткенге дейін теңгерім ұстаушы жалға берушіге шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан жазбаша бас тартуды ұсынбаса, Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту жалға берушінің шешімі (бұйрығы) негізінде негізгі шартқа қосымша келісім жасау жолымен жүзеге асырылады.
      Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуды қоспағанда, шартта белгіленген мерзім өткеннен кейін Шарт тоқтатылды деп саналады.
      Шартта Заңның 105106120 және 145-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында тікелей көзделген жағдайларда жалдауға алушыға берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы талапты көздеуі мүмкін.
      6. Мемлекеттік меншiк болып табылатын тарих және мәдениет ескерткiштерін жеке және заңды тұлғаларға пайдалануға беруге арналған шартты жасасудың ерекшеліктері "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұралар объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалады. Егер тарих және мәдениет ескерткіштеріне жойылу немесе бүліну қаупі төнсе, пайдалануында тарих және мәдениет ескерткіштері бар тұлғаны сот шешімі бойынша оларды пайдалану құқығынан айырған жағдайда шарт бұзылған болып есептеледі.
 

2. Тендер өткізбей объектiлердi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру

      7. Объектілерді мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру:
      1) алаңы 100 шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттарды және құрылыстарды, қалдық құны 150 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жабдықтарды және оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық іс-шаралар өткізу үшін бір айдан аспайтын мерзімге беру;
      2) тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және объектілердің теңгерім ұстаушыларына қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жеткізушілерге үй-жайлар беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүргізіледі.
      Жалдауға алушы алып отырған үй-жайлары мөлшерінің шартта көрсетілген үй-жайлардың мөлшеріне сәйкестігі үшін объектінің теңгерім ұстаушысы жауапты болады.
      8. Осы Қағиданың 7-тармағының 1) тармақшасында көзделген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге екі немесе одан да көп өтінімдер берілген жағдайда, оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады.
      9. Объектіні тендер өткізбей, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдауға алушының объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге арналған өтініміне (бұдан әрі - өтінім) еркін нысанда жалдау шартының жарамдылық мерзімін ұзартуды қоспағанда мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге теңгерім ұстаушының жазбаша келісімі;
      2) объектіге деген қажеттілік негіздемесі;
      3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарт және жарғы) көшірмелері, не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      заңды тұлғалар үшін көрсетілген құжаттарға қосымша:
      акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме;
      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестікке қатысушылардың тізілімінен үзінді көшірме (серіктестікте қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда);
      шетелдік заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттары;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмелері, не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, мекен-жайы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      4) өтінімді беру сәтінде салықтық берешегі жоқ екені туралы салық органының анықтамасы.
      10. Объектіні мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге өтінімді жалға беруші күнтізбелік 15 күннен асырмай қарайды.
      Жалдауға алушы өтінімді және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша мынадай:
      объектіні нысаналы мақсаты бойынша мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы;
      осы Қағиданың 4-тарауына сәйкес аталған объекті бойынша тендер өткізу туралы;
      себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.
      11. Жалдауға алушымен шартты жалға берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдау (жалға алу) үлгілік шартымен өтінім берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жасасады.
      12. Теңгерім ұстаушының объектіні жалдауға алушыға беруі осы Қағиданың 6-тарауына сәйкес қабылдау-табыстау актісі бойынша жүзеге асырылады.
      13. Үй-жайлар алаңының мөлшеріне қарамастан, үй-жайларды (банктердің есептеу-кассалық орталықтары, "Қазпошта" АҚ) банктік операцияларды жүзеге асыру үшін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру банкоматтар мен мультикассаларды орнатуға арналған алаңдарды қоспағанда, тендер негізінде жүргізіледі.
 

3. Тендер өткізуге дайындық

      14. Жалға берушi тендер өткiзу туралы шешiм қабылдау кезiнде:
      1) тендер комиссиясын қалыптастырады;
      2) тендер өткiзу күні мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн айқындайды;
      3) тендер құжаттамасын бекiтедi;
      4) осы Қағиданың 23-тармағында көзделген құжаттарды қабылдайды;
      5) тендерге қатысушыларды тіркеуді жүзеге асырады;
      6) кепiлдiк жарналар қабылдайды;
      7) тендер комиссиясы отырысының хаттамаларын бекiтедi;
      8) тендер жеңiмпазымен шарт жасасуды қамтамасыз етедi;
      9) осы Қағиданың 25-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда тендер аяқталғаннан кейін тендерге қатысушыларға кепілдік жарналарды қайтарады;
      10) осы Қағидада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      15. Тендердің ұйымдастырушысы ретінде жалға беруші әрекет етеді.
      16. Тендерлік комиссияның құрамына жалға берушiнiң, теңгерім ұстаушының, басқа да мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұқаралық ақпарат құралдары, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және басқалары) өкілдері енгiзiледі. Жалға беруші қажет болған жағдайда тәуелсiз мамандар мен сарапшыларды тартады. Жалға берушiнiң өкiлi комиссия төрағасы болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелері тендердің барлық сатысына қатысады.
      Комиссияның құрамы жалға берушiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      17. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жалға беруші белгілеген мерзімде және оларға ұсынылған объекті туралы деректердің негізінде осы Қағиданың 56-тармағына сәйкес есептелген жалдау ақысының мөлшерлемесінен төмен болмайтын, жалдау ақысының ең төменгі мөлшерлемесі негізгісі болып табылатын тендердің шарттарын әзірлейді;
      2) тендер жариялау үшiн тендер құжаттамасын және басқа да қажеттi құжаттарды дайындайды;
      3) тендер өткiзедi;
      4) тендер жеңiмпазын айқындайтын қорытындыны немесе тендердің қорытындысы бойынша өзге де шешiмді қамтитын тендерлік комиссия отырысының хаттамасын ресiмдейдi;
      5) осы Қағидада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Жалға беруші мерзімді баспа басылымдарында және Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілімінің (бұдан әрі – Тізілім) веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде тендерді өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тендер өткізу туралы хабарламаның жариялануын қамтамасыз етедi.
      19. Тендер өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
      1) жалға берушінің атауын;
      2) тендер өткізу шарттарын және жеңiмпазды таңдау өлшемдерін;
      3) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын;
      4) тендер өткiзу күнін, уақыты мен орнын;
      5) тендерге қатысуға өтiнiмдердi қабылдау мерзiмдерiн;
      6) мүлiктiк жалдау (жалға алу) мерзiмiн және жалдау ақысының бастапқы мөлшерлемесінің мөлшерін (ол осы Қағиданың 56-тармағына сәйкес жалға беруші бекіткен есептеу мөлшерлемесінен төмен болмайтындай есептеледі);
      7) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн, мерзiмi мен оны енгiзу үшін банк деректемелерін;
      8) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiн;
      9) шартты жасасу мерзімін;
      10) тендерлік құжаттаманы алу және тендер объектісімен танысу мекен-жайын, мерзімдерін және шарттарын қамтиды.
      20. Тендерлік құжаттама мынадай негізгі бөлімдерді қамтиды:
      1) тендер объектiсi туралы мәлiметтер;
      2) өтiнiмнің және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптар;
      3) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;
      4) тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдері;
      5) шарттың жобасы;
      6) тендерге қатысуға өтiнiмнiң нысаны.
      4. Тендерді өткізу
      21. Тендерге қатысушыларды тiркеу тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер өткiзiлгенге дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады.
      22. Жалға берушi тендер өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн объектiлер туралы ақпаратқа және тендер өткiзу қағидаларына барлық ниет бiлдiрушiлердiң еркiн, оның ішінде Тізілімнің веб-порталы арқылы қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді.
      23. Үмiткер тендерге қатысу үшiн жалға берушi белгiлеген мерзiмде:
      1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсiмiн және оның тендер шарттарын орындау мен тиісті шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерін қамтитын тендерге қатысуға өтiнішті;
      2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды;
      3) заңды тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарт және жарғы) көшірмелері, не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      заңды тұлғалар үшін көрсетілген құжаттарға қосымша:
      акционерлік қоғамдар үшін – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме;
      жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – серіктестікке қатысушылардың тізілімінен үзінді көшірме (серіктестікте қатысушылардың тізілімі жүргізілген жағдайда);
      шетелдік заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттары;
      жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына отырып, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың көшірмелері, не көрсетілген құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері, мекен-жайы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
      4) өтінімді беру сәтінде салықтық берешегі жоқ екені туралы салық органының анықтамасы.
      24. Өтініш тендерлік құжаттамада анықталған талаптар мен шарттарға сәйкес жасалады. Өтініштер қосарланған конверттерде қабылданады. Сыртқы конвертте осы Қағиданың 23-тармағында айтылған құжаттар болады. Ішкі конвертте үміткердің ұсынысы болады. Ішкі конверт өтінім берген сәтте жабық болады және үміткермен мөрленеді.
      25. Өтінішті қабылдаған кезде жалға беруші ішкі конвертке салынғандарды қоспағанда, құжаттардың бар болуын тексереді. Егер құжаттар осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жалға беруші өтінішті қабылдаудан және тіркеуден бас тартады.
      26. Өтінішті қабылдау жалға берушінің атына тігілген түрде, парақтарына нөмір қойылған және соңғы бетіне қол қойып, мөр басылған құжаттарды (жеке тұлға үшін - болған жағдайда) ұсынылған кезде жүргізіледі. Тендерге қатысуға ниет білдірген адамдарды тіркеу тіркеу журналында көрсетіледі.
      27. Тендерге қатысушылар тендер өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдер мен тәртiппен, жалға берушiнiң депозиттiк шотына кепiлдiк жарна енгiзедi.
      Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгерту мүмкін емес. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны алушы болып табылады.
      28. Тендерге қатысу үшiн кепiлдiк жарнаны тендерлік комиссия мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объекті үшін жалдауға алушының қызмет түрі мен жалдауға алушының құқықтық-ұйымдастырушылық нысанын ескеретін коэффициенттер ескерілместен, айлық жалдау ақысы мөлшерінде белгіленеді.
      29. Кепiлдiк жарна тендер жеңімпазының мынадай:
      1) тендерде жеңiске жеткен жағдайда, тендердiң нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою;
      2) тендер нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес шарт жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылады.
      30. Жалға берушi кепiлдiк жарнаны:
      1) егер тендерге қатысушы тендердің мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе;
      2) жеңімпаз тендер жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасасудан бас тартса қайтармайды.
      31. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлама мерзімді баспа басылымдарында және Тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде тендерді өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын жариялануы тиіс.
      Тендер шарттарының өзгертілгені туралы хабарлама жарияланғанға дейін тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдар жазбаша өтініш негізінде кепілдік жарнасын және өздерінің шеккен шығыстарын қайтаруды талап ете алады.
      32. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді.
      33. Тендерге қатысушылар:
      1) тендерге өзi немесе тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаттың негізiнде өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысады;
      2) тендерге шығарылатын объекті бойынша қосымша мәлiметтердi, нақтылауларды тегiн алады;
      3) объектiнi алдын ала тексеріп қарайды;
      4) өзінің құқықтары бұзылған кезде сотқа жүгiнеді;
      5) тендер басталғанға дейін кемінде үш күнтізбелік күн бұрын бұл туралы жалға берушіге жазбаша хабарлап, қатысуға берген өзінің өтінішін қайтарып алады.
      34. Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстары оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендер өткізілмеген деп тануы мүмкін.
      35. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлік комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашу алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі.
      Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылар немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерi қатыса алады.
      36. Тендерлік комиссия ұсынылған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада қамтылған талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Егер берілген ұсыныстар тендерлiк құжаттамада қамтылған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, көрсетiлген ұсыныстар одан әрi қарауға жатпайды және мұндай өтiнiш берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiн жоғалтады, бұл конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі.
      37. Конверттерді ашу хаттамасында тендерге қатысушы мәртебесін жоғалтқан тұлға туралы мынадай ақпарат:
      Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және тіркеу нөмірі (қайта тіркеу нөмірі), сондай-ақ олардың өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;
      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігі немесе паспортының нөмірі және берілген күні көрсетіледі.
      Осы хаттамаға тендерге қатысу мәртебесін жоғалтқан тұлға берген ұсыныстардың тендерлік құжаттамада қамтылған талаптарға сәйкес келмейтіндігін растайтын нақты мәліметтер енгізіледі.
      38. Конверттердi ашу хаттамасы ресімделгеннен кейін тендерлік комиссия ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi.
      39. Тендерлік комиссияның шешiмдерi қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған кезде тендерлік комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      40. Тендерлік комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлік комиссия мүшелерiнiң кемінде үштен екісі қатысса, құқықтылы болып табылады. Бұл ретте тендерлік комиссия мүшелерінің дәлелді себеппен растайтын құжаттарды ұсына отырып, болмауы мүмкін.
      41. Тендерлік комиссияның шешiмi бойынша объект үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған және тендерлiк құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңiмпазы деп танылады.
 

5. Тендер нәтижелерін ресімдеу

      42. Тендер жеңiмпазын анықтайтын тендерлік комиссияның қорытындысы немесе тендердің қорытындылары бойынша өзге шешiм тендер аяқталғаннан кейін бір күн мерзімде хаттамамен ресiмделедi, тендерлік комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және жалға берушi бекiтедi.
      Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы да қол қояды.
      Тендердің нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесі міндетті түрде барлық тендерге қатысушыларға, сондай-ақ жеңімпазға жіберіледі және оған сәйкес шарт жасалатын құжат болып табылады.
      43. Хаттамада мынадай деректер:
      1) тендерлік комиссияның құрамы;
      2) тендердiң шарттары;
      3) объекті туралы мәліметтер;
      4) тендерге қатысушылар мен олардың ұсыныстары туралы мәлiметтер;
      5) тендердiң жеңiмпазы туралы мәліметтер немесе жеңімпаздың болмауы себебін көрсете отырып, тендердің қорытындылары бойынша өзге шешім;
      6) жеңімпаздың тендерді жеңіп алу шарттары;
      7) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері қамтылады.
      44. Тендердiң нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін шарттарда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға алудың) үлгі шартына сәйкес жеңімпазбен шарт жасалады.
      45. Жалға беруші, не оның міндетін атқарушы тұлға тендер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей тендердің жеңімпазымен шарт жасасады және ол Тізілімде тіркелуге жатады.
      46. Бір жылдан артық мерзімге жасалған шарт мемлекеттік тіркеуге жатады және осындай тіркеу сәтінен бастап жасалған болып есептеледі.
      Шарттарды мемлекеттік тіркеу жалдауға алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      47. Тендердің жеңімпазына енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша тендердің объектісін пайдаланғаны үшін төлем есебіне жатқызылады.
      48. Жеңімпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына сай келетін талаптарда шарт жасасудан жазбаша бас тартқан жағдайда, жалға берушi бір күн мерзімде тендерге қалған қатысушылардың iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде екеу болса) Қағиданың 41-тармағының талаптарына сай келетін жеңімпазды анықтайды, немесе жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.
      49. Жалға алынатын объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру, сондай-ақ жалға алынған объекті залалсыз ажыратылмауы, объектінің ажырамас жақсартуларын жалдауға алушының өз қаражаты есебінен жүргізуі теңгерім ұстаушының келісімі және жалға берушінің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Жалдауға алушы жүргізген объектілердің ажырауға келетін жақсартулары, егер шартта өзгеше көзделмесе, оның меншігі болып табылады.
      Жалға берушінің келісімі бойынша жалдауға алушы жүргізген объектілердің ажырамас жақсартуларының құны жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      50. Ажырамас жақсартуларды жүзеге асыруға рұқсат алу үшін жалдауға алушы жалға берушіге мына құжаттарды:
      1) жалдауға алушының өтінімдерін;
      2) объектіге ажырамас жақсартулар жүргізуге теңгерім ұстаушының келісімін;
      3) енгізілетін ажырамас жақсартуларға қысқаша сипаттама және оларды жүргізу қажеттілігін қамтитын жалпы түсіндірме жазбасы, сондай-ақ құнының жиынтық сметалық есебі құрамындағы жобалау-сметалық құжаттаманы;
      4) жаңадан салынатын объектілер үшін есептеулерді, көлемдік-жоспарланған, сындарлы және инженерлік жобалық шешімдердің сызбаларын ұсынады.
      Жалға беруші бір ай мерзімде көрсетілген өтінішті қарайды және жалдауға алушыға объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге келісімі немесе бас тартуы туралы ақпарат береді.
      Жалға берушінің рұқсатын алғаннан кейін жалдауға алушы объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге кіріседі.
      Жалдауға алушы жүргізілген объектінің ажырамас жақсартуларының құнын өтеу үшін жалдауға алушы жалға берушіге келесі құжаттар тапсыру қажет:
      1) жалдауға алушының өтемақы алуына өтінімі;
      2) жалға берушінің объектінің ажырамас жақсартуларын жүргізуге жазбаша рұқсаты;
      3) объектілерді қайта жаңартудан және техникалық қайта жарақтандырудан кейін объектіні пайдалануға енгізуге рұқсат беретін құжаттама (мемлекеттік комиссия актілері, объектіні пайдалануға енгізу бойынша жұмыс комиссиясының актісі және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құжаттар);
      4) орындалған жұмыстар актісі.
      Енгізілген ажырамас жақсартуларды растау үшін жалға беруші қажетті мамандар мен сарапшыларды тартуы мүмкін.
      Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша жалға беруші тиісті шешім қабылдайды, ол туралы ақпарат Тізілімге енгізіледі.
      51. Күрделі жөндеуді жүзеге асыру бойынша міндеттеме объектіні жалдауға алушыға жүктелген жағдайда объектіні күрделі жөндеу құны шарт бойынша төлем есебіне жатқызылады. Объектіге күрделі жөндеу жүргізудің құны мен басқа шарттары осы Қағиданың 50-тармағында көзделген талаптарға сәйкес жалға берушімен жазбаша келісіледі.
 

6. Қабылдау-табыстау актісі бойынша объектіні беру

      52. Шартқа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей объектіні теңгерім ұстаушы жалға беруші бекіткен қабылдау-табыстау актісі бойынша жалдауға алушыға береді және Тізілімде тіркеледі.
      53. Қабылдау-табыстау актісінде мыналар:
      1) акт жасалған орны мен күні;
      2) өкiлдері оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi құжаттардың атауы мен деректемелері;
      3) объектіні беру жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;
      4) берiлетiн объектiнiң анықталған ақаулықтардың тiзбесімен бiрге техникалық жай-күйі;
      5) тараптардың мөрлерiмен куәландырылған өкiлдердiң қолдары көрсетіледі.
      54. Қабылдау-табыстау актісі мемлекеттік және орыс тiлдерiнде алты данада жасалады, оның екеуi жалға берушiде, екеуi теңгерім ұстаушыда сақталады және екеуi жалдауға алушыға беріледі.
      55. Осы Қағидамен реттелмеген барлық мәселелер бойынша шарттың тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын басшылыққа алады.
 

7. Жалдау ақысы

      56. Объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуді жалға беруші айқындайтын салудың түрлерін, тұрғын емес үй-жайдың түрін, қолайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдауға алушы қызметінің түрін, жалдауға алушының ұйымдастыру құқықтық нысанын, жұмыс уақытының ұзақтығын ескере отырып, базалық мөлшерлемесінің және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері негізінде жүзеге асырады.
      57. Төлем тұтас алғанда барлық жалданған мүлік үшін немесе шартта көзделетін мерзімділікпен немесе бір жолғы енгізілетін төлемдердің нақты сомасында оның барлық құрамдас бөліктерінің әрқайсысы бойынша жалпы немесе жеке белгіленеді.
      Ғимаратта үй-жайлардың бір бөлігін жалдау үшін төлемдерді есептеу кезінде жалдауға алушының осы алаңдарды үлестік пайдалануына тепе-тең жалпы пайдалану орындарына қол жетімділікті ескеру қажет.
      58. Мүлікті жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған аударымдарды, объектіге көрсетілген қызметтер және қорғау үшін төлемдерді қамтымайды. Бұл төлемдерді жалдауға алушы тікелей бағынысты қорғау, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және қызметтер көрсететін, басқа да қызметтерге теңгерім ұстаушымен шарт бойынша төлейді.
      59. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін жылына бір реттен жиі өзгертуге болады.
      60. Жалдау ақысы тиісті жергілікті бюджетке аударылады.
 

8. Мемлекеттік тұрғын үйге жатпайтын қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін анықтау

      61. Мемлекеттiк тұрғын үйге жатпайтын қор объектiсiнiң жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi әр нақты үй-жай үшiн оның аумақтық аймағын, инженерлiк коммуникацияларының болуын және басқа да факторларды есепке алумен анықталады.
      62. Мүлiктiк жалдауға (жалға) берiлетiн жалпы ауданның жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесiнiң маңызын анықтау үшiн формула мына түрде ұсынылады:
      Берілетін объектінің ауданы 70 шаршы метрге дейін:
      Жалдау ақысы=Ек х К1 х К2 х К3 х К4 х К5 х S/12 есептеледі.
      Ауданы 70 шаршы метрден жоғары ғимараттар мүлiктiк жалға беру кезiнде 0,5 кеміту коэффициентiне көбейтіледі.
      Жалдау ақысы=Ек х К1 х К2 х К3 х К4 х К5 х S/12 х 0,5 есептеледі.
      Ал, ауданы 70 шаршы метрден жоғары жеке тұрған ғимараттарды мүлiктiк жалға беру кезiнде 0,5 кеміту коэффициентiне көбейтіледі:
      Жалдау ақысы=Ек х К1 х К2 х К3 х К4 х К5 х S/12 х 0,5 есептеледі,
      мұнда, Ек - жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi (1/2 айлық есептiк көрсеткiшi);
      К1 - жеделдетiлген амортизация коэффициентi;
      К2 - ғимараттың қала, аудандар аумағына тиiстiлiгiн ескеретiн коэффициент;
      К3 – үй-жайдың түрін ескеретiн коэффициент;
      К4 - ғимараттың жайлылығының дәрежесін, техникалық жағдайын және инженерлiк коммуникациясын ескеретiн коэффициент;
      К5 - үй-жайды жалдауға беру кезiнде жалдауға алушының қызметiнiң түрiн ескеретiн коэффициент;
      S - бүтiн шаршы метрлерге дейiн дөгелектелген үй-жайдың ауданы.
      К1 коэффициентiнiң маңызы.
      Жұмыс ұзақтығы:
      тәулiгiне 8 сағатқа дейiн – 1;
      тәулiгiне 12 сағатқа дейiн – 1,5;
      тәулiгiне 24 сағатқа дейiн – 2,0.
      К2 коэффициентiнiң маңызы.
      Аумақтық аймағы:
      Атырау қаласы – 3;
      аудан орталықтары – 2 (аудан орталықтарына жататын Ганюшкин селосы, Индер кенті, Аққыстау селосы, Миялы селосы, Махамбет селосы, Мақат кенті, Құлсары қаласы);
      қалған аумақтар – 1.
      К3 коэффициентiнiң маңызы.
      Үй-жайдың түрі:
      жеке тұрған – 1,5;
      қосымша салынған – 1,0;
      жертөле – 0,5.
      К4 коэффициентiнiң маңызы.
      Жайлылығының дәрежесi, техникалық жағдайы, инженерлiк коммуникациясының болуы:
      абаттандырылған (барлық жағдайы болған кезде) – 1,5;
      абаттандырылған (барлық жағдайы болған кезде, бiрақ ыстық сумен қамтылмаған) – 1,3;
      инженерлiк коммуникацияларысыз (ыстық су, кәрiздiң болмауы кезiнде, бiрақ электрмен қамтылған болуы) – 1,2;
      бос тұрған ғимарат (қажеттi коммуникацияларсыз) – 1,0.
      К5 коэффициентiнiң маңызы.
      Қызмет түрi:
      банк қызметi, ұялы байланыс – 4,0;
      сауда-коммерциялық, дәрiханалық қызмет – 4,0;
      сақтандыру қызметi – 4,0;
      тамақтандыруды ұйымдастыру:
      жалпы білім беру мектептерінде, арнайы орта оқу орындарында және мемлекеттік емдеу ұйымдарында – 1,5;
      басқа да мемлекеттік ұйымдарда – 1,5;
      халыққа қызмет көрсетудi ұйымдастыру: заң қызметiн, шаштараздық, массаждық, стоматологиялық, көлiк қызметiн, кеңес беру және басқа да қызмет көрсету түрлерi – 2,4;
      "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен байланыс қызметін көрсету – 3,2;
      өндiрiстiк қызмет – 3,2;
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық кәсіпорындар мен мекемелер – 2,0;
      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар – 0,4;
      қоймалық үй-жай – 1,2;
      жинақтаушы-зейнетақы қорлары, пошталық байланыс қызметі – 2,0;
      қоғамдық қызмет – 0,5;
      білім беру қызметі – 2,0;
      өзге қызмет – 2,0.
 

9. Жабдық пен көлікті жалдау ақысының айлық мөлшерлемесін анықтау

      63. Жабдық пен көліктің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi әр қайсысы үшін аумақтық аймақты, жөнделуінің болуы және басқа да факторларды есепке алумен анықталады.
      64. Мүлiктiк жалдауға (жалға) берiлетiн жабдық пен көліктің жылдық жалдау ақысы мөлшерлемесiнiң маңызын анықтау үшiн формула мына түрде ұсынылады:
      Жалдау ақысы=Ек х К1 х К2 х К3 х К4,
      мұнда, Ек- айлық есептiк көрсеткiш;
      К1- теңгерімдік құнның коэффициентi;
      К2- аймақтандырудың аумақтық коэффициентi;
      К3- техникалық жағдайының коэффициентi;
      К4- жеделдетiлген амортизацияның коэффициентi;
      Жалдауға беру объектiлерiнiң барлық ауқымы теңгерімдік құны шамасы бойынша топтастырылады және әр жолы үшiн өзiнiң тиiстi коэффициентi анықталады:
      К1 коэффициентiнiң маңызы.
      Теңгерімдік құны:
      100 мың теңгеге дейiн – 2,0;
      100 мыңнан 250 мың теңгеге дейiн – 2,5;
      250 мыңнан 750 мың теңгеге дейiн – 3,5;
      750 мыңнан 1500 мың теңгеге дейiн – 4,0;
      1500 мыңнан 5000 мың теңгеге дейiн – 5,0;
      5000 мыңнан 10000 мың теңгеге дейiн – 6,0;
      10000 мыңнан 25000 мың теңгеге дейiн – 9,0;
      25000 мыңнан 50000 мың теңгеге дейiн – 20,0;
      50000 мыңнан 75000 мың теңгеге дейiн – 30,0;
      75000 мыңнан 100 000 мың теңгеге дейiн – 40,0;
      100 000 мың теңгеден жоғары – 60,0.
      К2 коэффициентiнiң маңызы.
      Аумақтық аймақ:
      Атырау қаласы – 1,25;
      аудан орталықтары – 1,0;
      қалған аумақтар – 0,75.
      К3 коэффициентiнің маңызы.
      Техникалық жағдайы:
      жөнделген пайдаланылатын – 1,5;
      жөнделген пайдаланылмайтын – 1,0;
      жөнделмеген – 0,25.
      К4 коэффициентiнiң маңызы.
      Жабдықтарды пайдалану ұзақтығы:
      тәулiгiне 8 сағатқа дейiн – 1,0;
      тәулiгiне 12 сағатқа дейiн – 1,5;
      тәулiгiне 24 сағатқа дейiн – 2,0.
 

10. Дауларды шешу

      65. Объектiнi шарт бойынша мүлiктiк жалдауға беру кезінде туындайтын даулар келіссөздер жолымен шешіледі.
      Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар сот тәртібінде шешіледі.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады