Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 137 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 тамызда № 2771 тіркелді. Күші жойылды - Исатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 201 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай ауданы әкімдігінің 24.10.2014 № 201 қаулысымен (жариланған күнінен кейін күнтізбелік он үн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137-баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына және V шақырылған аудандық мәслихаттың XI сессиясының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 105-V "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Р. Өтеғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Исатай ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы

Н. Ожаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Исатай ауданы мәслихаты
      сессиясының төрағасы
      2013 жылғы 22 шілде
      Исатай ауданы мәслихатының
      Хатшысы
      2013 жылғы 22 шілде

А. Сидеғалиев
Ж. Қадимов


Исатай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы "22" шілде № 137
қаулысына қосымша

Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары
      мемлекеттiк мекеме басшысы;
      күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер;
      әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары
      мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      кабинет мегерушісі;
      кітапхана, интернат меңгерушісі;
      мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер және дәрігерлер, психолог, нұсқаушы, зертханашы, медициналық бике, емдәм бикесі, хореограф, тәрбиеші, кітапханашы, үйірме жетекшісі, шебер, жетекші, музыкалық жетекші, әдістемеші, бағдарламашы.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары
      мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы;
      кітапхана, клуб меңгерушісі;
      мамандар (бас, аға): аккомпаниатор, кітапханашы, редактор, режиссер, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, барлық атаудағы суретшілер, хореограф, музыкалық жетекші, режиссердің ассистенті.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады