Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 90 "Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 1 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 14 ақпанда № 2231 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 18.11.2015 № 354 қаулысымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабының 1 тармағы 2-1 тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 90 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2005-нөмiрiмен тiркелген, «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнде 2009 жылғы 23 сәуірде 60-нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 3-тармағындағы «М.А.Тұрмағамбетовке» деген сөз «Б. Нажметдинұлына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген, шығындары облыстық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды ауданаралық (қалааралық) облысішілік қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу бойынша нұсқаулығында:
      1–тармақтағы «және «Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация Министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429а-1 бұйрығына» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Нажметдинұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б.Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады