Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған субсидиялар нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 336 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 желтоқсанда № 2422 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 296 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16.09.2014 № 296 қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға берілетін 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 943 қаулысының 9-тармағына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі белгіленсін.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.С.Оспановқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы
3 желтоқсандағы № 336 қаулысына
қосымша

Биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың субсидияланатын түрі, сондай-ақ жеткізушілерден және отандық биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндірушілерден сатып алынған биоагенттің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың 1 граммына (данасына) арналған бюджеттік субсидиялар нормативі


Субсидияланатын биоагенттердің түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке арналған субсидиялар нормалары, теңге

1

Трихограмма

Грамм

40

124,0

2

Габробракон

Дана

40

1,04

3

Алтынкөз

Дана

40

0,7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады