Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 348 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 16 тамызда № 2355 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 29.04.2016 № 147 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 13 сәуірдегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына 1) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квотасы белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі С.Ертай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады