Ордабасы ауданының елді мекендерінің шегін өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13/16 шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 92 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 12 сәуірде № 2267 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 15-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабына сәйкес Ордабасы аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Аудандық жер қатынастары бөлімі және сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
      1) 43,19 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Қажымұқан ауылының жалпы ауданы 126,65 гектар;
      2) 29,57 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Амангелді ауылының жалпы ауданы 93,49 гектар;
      3) 51,21 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жеңіс ауыл округі Жеңіс ауылының жалпы ауданы 195,04 гектар;
      4) 33,95 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Ақжол ауылының жалпы ауданы 100,86 гектар;
      5) 11,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Мәдениет ауылының жалпы ауданы 66,45 гектар;
      6) 34,73 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Сарыарық ауылының жалпы ауданы 111,45 гектар;
      7) 43,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Көлтоған ауылының жалпы ауданы 198,75 гектар;
      8) 32,35 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Мақташы ауылының жалпы ауданы 84,7 гектар;
      9) 16,05 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Бейсен ауылының жалпы ауданы 59,69 гектар;
      10) 39,54 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Бірлік ауылының жалпы ауданы 127,44 гектар;
      11) 41,29 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ынтымақ ауылының жалпы ауданы 100,84 гектар;
      12) 51,7 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Ықыластемір ауылының жалпы ауданы 132,54 гектар;
      13) 30,74 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Теспе ауылының жалпы ауданы 94,18 гектар;
      14) 14,2 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Аққойлы ауылының жалпы ауданы 41,54 гектар болып өзгертілсін.
      2. Бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Д.Тлеубергенов

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХІІІ сессиясының төрағасы                  Б.Джумабеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  П.С.Жұрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады