Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыздық мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 223 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 22 тамызда № 2361 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 3 мамырдағы № 192 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 03.05.2016 № 192 қаулысымен.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 13 сәуірдегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына 1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Аймұрзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады