Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 24 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 ақпанда № 2878 болып тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 25.11.2014 N 312 қаулысымен.
 
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 42 бабына, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-3) тармақшасына және 2 тармағына сәйкес Жарма ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған адамдар үшiн қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: аумақтарды абаттандыру және жинау.
      2. Шар қаласы, кенттер және ауылдық округтер әкiмдерi «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi Жарма ауданының № 1 және № 2 қылмыстық-атқару инспекциясы» мемлекеттiк мекемелерімен келiсу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тiзiмдерiн сотқа тоқсан сайын ұсынсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жарма ауданы әкiмiнiң орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Жарма ауданының әкімі
      Келiсiлдi:
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi
      Жарма ауданы № 1 қылмыстық-атқару
      инспекциясы бөлiмшесiнiң бастығы

Т. Қасымжанов
 
 
 
 
Қ. Мұсанов

      25 қаңтар 2013 жыл
 
 

      Шығыс Қазақстан облысы бойынша
      Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi
      Жарма ауданы № 2 қылмыстық-атқару
      инспекциясы бөлiмшесiнiң инспекторы

Р. Абдулгазинов

      25 қаңтар 2013 жыл
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады