Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округінің Жаңа-өзен ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 24 сәуірде N 2935 болып тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 шілдедегі N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 28.07.2014 N 3 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Жарма аудандық аумақтық инспекция бастығының 2013 жылдың 28 наурыздағы № 193 ұсынысы негізінде Қалбатау ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Жарма ауданының Қалбатау ауылдық округінің Жаңа-өзен ауылында ірі қара малдар арасында сарып ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Жарма аудандық аумақтық инспекцияның басшысы (Ж. Саржақов), Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Жарма ауданы бойынша басқармасының басшысы (Г. Кулжанбекова) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қалбатау ауылдық округінің бас маманы О. Тоймухамбетовке жүктелсін.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Әкім                                       С. Торғаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
      ветеринариялық қадағалау және бақылау
      комитеті Жарма аудандық
      аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Ж. Саржақов

      2013 жылғы 22 сәуір

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      Министрлігінің мемлекеттік санитарлық
      эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің
      Жарма ауданы бойынша басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Г. Кулжанбекова

      2013 жылғы 22 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады