"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 7-2/1 Зайсан аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 21-9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда N 3173 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы N 30-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 20.01.2015 N 30-1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1316 қаулысына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағиданы бекіту туралы" 2012 жылғы 19 қыркүйектегі Зайсан аудандық мәслихаттының № 7-2/1 шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 10 қазанда 2702 нөмірмен тіркелген, 2012 жылдың 20 қазанында аудандық "Достық" газеттінің №83 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасында:
       3- тармақтың 4) тармақшасы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
       "4) Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
       Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
       Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.";
       14 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталынсын.
      2. Осы шешімнің 1 тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетінін
      қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
      он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Ануаров
      Зайсан аудандық
      мәслихатының хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады