2014 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы N 2203 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда N 3162 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы N 2718 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 13.11.2014 N 2718 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдемелерді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабының 1-тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5- бабын, 7-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Зырян ауданының аумағында тұратын халықтың келесі насыналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) 50 жастан асқан тұлғалар;
      15) мектептерді, кәсіби оқу орындарын аяқтаған түлектер;
      16) АИТВ-жұқтырғандар, нашақор азаматтар;
      17) жазғы демалыс кезеңіндегі студенттер мен мектеп оқушылары;
      18) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      19) «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      20) басымды кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары.
      2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) тұрғындардың нысаналы топтарына жатқызылған тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жатқызылған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдем жасасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады