"Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3-6 шешімге өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-16 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қаңтарда № 3174 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 52-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 52-7 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1316 қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Тарбағатай аудандық мәслихаттының 2012 жылғы 11сәуірдегі № 3-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5-16-129 нөмірмен тіркелген, 2012 жылдың 24 мамырда "Тарбағатай" газеттінің №46 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тарбағатай ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:

      2- тармақтың 4-тармақшасы келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң расындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі;"

      8-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетінін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Жұмаханов
      Тарбағатай аудандық мәслихаттың хатшысы М. Мағжаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады